23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №210

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 14 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвести­циялау үшін қаржылық қүралдардың тізбесі айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №210 қаулысына қосымша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі Р/с № Қаржылық құралдың түрі 1 2 1. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттардағы ақша 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер 3. Қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor’s бойынша «А-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 4. Агенттік облигациялар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер шығарған, қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor’s бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең 5. Қаржылық құралдың немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor’s бойынша «ВВ-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең агенттік облигациялар, корпоративтік облигациялар 6. Кері РЕПО мәмілелері